Модульдік  технологияның  қазақ  тілі

                                                сабақтарындағы  тиімділігі.

        Қазақстан Республиксының  12 жылдық  орта  жалпы  білім  беру  концепциясында келесі  білім  беру  мақсаты  бекітілген:өз  талаптарын  сондай-ақ  динамикалық  максималды  түрде жүзеге асыратын, дамып  келе жатқан  ортада  өмір сүре алатын, білімді,шығармашылық қабілетті,бәсекеге  сай  компетентті  жеке тұлға  тәрбиелеу.

      «Жеке  тұлға- бұл  адамның  психикалық,рухани  мәні,ол әр түрлі  жинақталған   қасиеттер  жүйесіне  тән:

   -адамның  әлеуметтік маңызды   касиеттерінің  жиынтығы;

   - өзіне  және  өзімен, өзінің дүниеге  және дүниемен  қатынастарының  жүйесі ;

   - іс жүзіне  асырылып  жүрген  әлеуметтік рөлдер  қызметінің  жүйесі,мінез-құлық әрекеттерінің  жиынтығы;

   - шығармашылық мүмкіншілігі  мен қабілеттерінің  жиынтығы;

   -сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы  және т.б.» (Г.К.Селевко)

   Модуль дегеніміз- қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын біршама дербес бөлігі. (С.И. Ожегов)

   Оқу модуль  қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш  құрылымды  бөліктен: кіріспеден, сөйлеу бөлімінен  және қорытынды бөлімнен тұрады. Психологтардың пайымдауынша , әрбір дербес тарауды(тақырыпты) оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен:кіріспе –қызықтырушылық, операционалық-танымдық және рефлексиялық-бағалау кезендерінен тұруы тиіс.

(Л.М.Фридман)

    Кіріспе бөлімде  мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы  құрылымымен, оның  мақсат-міндеттерімен таныстырады , тірек сызбаларға сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша түсіндіреді.Сөйлесу бөлімінде оқушылардың танымдық қызметі

әрбір оқушының әр сабаққа үш күрделілік деңгейде берілген оқу  материалын  тындау,жазу,көру  және  айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. Сөйлесу бөлімін  дайындаудағы 5 әрекет –қадамнан тұратын даярлық  құрылымы  қалыптасады:

  1.Модульдің сөйлесу бөліміндегі  материалдың  негізгімазмұнын  белгілеу.

 2.Оқу материалын  біртұтас, жинақты, «өсу» бағытымен беру;

 3.Тақырып  бойынша  женңілдетілген  және білім стандартының  талаптарын  қамтамасыз  ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау;

 4.Оқушылар пәнге қызығушылығын және креативтілігін  дамытуға арналған шығармашылық  сипаттағы  материал  дайындау;

 5.Осы  бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз  ету.Оқу модулінің қорытынды бөлімі-бақылау. Егер сөйлнсу бөлімінің  барлық  сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі,бірін-бірі оқытуы,түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе,енді қорытынды бөлімде оқушы  өзінің  сөйлесу  бөлімінде алған білімін,білгі мен  дағдыларын  ешкімнің көмегінсіз  көрсетуі  тиіс.

  Модульдік технологиянытиімді  түрде қолдану  оқушылардың  білім деңгейінің  сатысын  көтереді,түрлі интеллектуалды  сайыстарда,турнирларда білім көрсеткішін жоғарылатады. Модульдік  технологияда оқыту  нәтижесінде  сабақтарда  оқушылар өз  бетімен сабақ  мақсатына шыға алады, танымдық әрекетке  белсене  араласады.

  ИМОТ(интерактивтік  модульдік  оқыту технологиясы) сабақтың әр кезеңіндегі оқушылардың өз бетімен жасаған іс-әрекетін қолдану тәжібиресін

Талдауға мүмкіндік  береді.Сондай –ақ өздік жұмыс кезіндегі оқушы мен  ұстаздың іс-әрекетінің алгоритімін құруға мүмкіндік береді немесе сабақтың әр кезеңінде  өз бетінше жұмыс жасауды ұйымдастыру  технологиясын  істеуге  жағдай  жасайды. Сонымен қатар өздік  жұмыс жасау  кезіндегі  кездесетін мәселелерді  шешуге, ұсыныстарды құруға, тақырыптарды дамытуға  мұмкіндік  береді.

  Модульдік технология төмендегідей  мүмкіндік береді: оқушының іс-әрекеті атқару кезінде  қызығушылығы арттырылады,бұл  мақсат пен міндетті анық көрсетіп, оған жету жолының маңыздылығын  көрсетеді.

  Қорыта келгенде ,М:М: Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясының маңызы мен тиімділігі  өте зор. ИМОТ технологиясы оқушының ауызекі сөйлеу  дағдысын ,ауызша және жазбаша сауаттылығын,өз бетімен жұмыс жасау іс-әрекеттерінің нәтижесін көру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.